Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8 747 523 03 86
8 707 660 32 40
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ЖШС «Рахат» бөбекжай балабақшасы

Қазақстан Республикасында, мемлекет аясында «Балапан» бағдарламасы бойынша «Рахат»  бөбекжай балабақшасының 2018  жылдан бастап негізі қаланды. 2018 жылы 50 балаға арналған балабақша өз жұмысын бастады. Ауыл халқының қуанышында шек болған жоқ.

Әр баланы қуана қарсы алған балабақша 2018 жылдан бастап 50 баламен жұмысын жалғастыруда.

 Аталған мекемеде ұжым сыйластығы, ауызбіршілігі адам құантарлықтай. Мекемеде қызметкерлер өз мамандығына сай алған біліміндерін қызметте ұластыруда.

 Бала тәрбиесімен білімін алға қойып аянбай еңбек етулеріне балабақша меңгерушісі Нурманова Умида Сапарбайқызы үнемі бағыт-бағдар беріп отырады.

2018 жылы ашылғаннан бастап айтатын болсақ, тәрбиешілеріміз, тәрбиеші көмекшілеріміз  үздіксіз қызмет етуде. Әр атаулы мерекелер сайын балалармен ата-аналарды байланыстыра отырып, заман талабына сай түрлі іс-шаралар жоспар бойынша үздіксіз өткізіледі. Құрылтайшымыз Аруенов Хамидулла Абдуллаұлы қызметкерлердің біліміне ерекше мән береді. Жұмысқа қабылдар алдында ерекше ықыласпен жұмыс ережесін өзі таныстырып отырады.  Құрылтайшымыз және балабақша меңгерушісі бақшаның барлық тұрмысын өз бақылауында ұстайды. Мекемемен мекеме қызметкерлері ауыл, аудан әкімдерінен бірнеше рет марапатталған. Осыншама қажырлы еңбектің нәтижесінде балабақша құрылтайшысы  ел алғысына бөленді.  Қазіргі таңда Нұрдәулетқызы  Айнұр балабақша әдіскері қызметін атқарып келеді. Өзі жас, жан-жақты заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген Айнұр  Нұрдәулетқызы балабақшаның абыройын асқақтатып келеді. Балабақшаға кезекте тұрған балалар саны күн санап өсіп келеді. Балабақшада өткізілген іс-шаралар мемлекеттік интернет желі саласында Республика  көлімінде таралуда. Аудан, облыс көлемінде балабақшалармен әдіс-тәсіл алмасуды да назардан тыс қалдырмаған.

Балабақша көлемі мен ауданы, сызба жоспарлары Мемлекеттік коммисияның қарауынан өтіп, оң бағамен шешімін тапқан. Әр топтың өздеріне арналған оқу-жаттығу бөлмелері, ас бөлмелері, жатын бөлмелері, әжетханалары талапқа сай орналасқан жәнеде заман талабына сай жабдықталған. Ыдыстар мен ойыншық, бала санасын жаңғыртуға арналған түрлі дидактакалық материалдар үнемі жаңартылып отырады. Мекемеде 2-топқа арналған арнайы Акт залы мен спорт залы кең көлемде орналасқан. Бала үшін 21-ғасыр талабына сай жабдықталған. Мекеме қызметкерлері мекеме ішінің тазалығыммен жұмыс тәртібіне ерекше көңіл бөледі.

Қызметкерлерге арналған жылдық жоспар жыл басында жасалып, сол жорспар жыл бойы іске асырылады. Республикалық талаптар өзгерген сайын, мекеме басшысыда балабақша жоспарына өзгеріс енгізіп отырады.  Балалар күн тәртібіне дағдыланған.  Жаздық ойын алаңындағы ойын заттары жыл сайын жаңартылып отырады.Осындай мекемеде әрбір бала, әрбір ата-ана, әірбір қызметкерлер де бақытты.